Пікір

Біз біргеміз!

Арман ЖЫЛГЕЛДІ,

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің мүшесі,

«Айбар-А» ЖШС бас директоры:

— Өңірліккәсіпкерлеркеңесініңмүшесіретіндеқаралы хабар алғанотбасыларынақайғыракөңілайтқымкеледі. Оларға Аллай сабыр берсін.

Барлығымыз елПрезидентінің еліміздегі заңдылық пен қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған саясаты мен іс-әрекетін қолдайық. Өйткені кез келген бастама бірлескенде ғана баянды болады.

Біз, біраз жылдан бері еліміздің экономикалық, әлеуметтік жағдайын дамытуға үлесімізді қосып келе жатқан кәсіпкерлер бұл мақсаттағы іс-шараларға белсенді атсалысуға дайынбыз. Арандатушыларға қарсы күш біріктіріп, бірлігімізді көрсетер кез жетті. Сондай-ақ барлығыңызды арандатушылардың сөзіне ермеуге, төтенше жағдайдың талаптары мен режимін сақтауға шақырамын.

 Ақтөбе қаласы.

                                                                             

СЫН САҒАТТЫ СЫР БЕРМЕЙІК!

Өркен АЛТЫНБЕКҰЛЫ,

Қазақстан КВН одағы Ақтөбе филиалының директоры:

— Бірнеше күн бойы елімізде болған шерулердің соңы тәртіпсіздікке ұласты. Арандатушылықтың салдарынан көптеген азаматтар жарақат алды, қаза тапқандар бар. Бұл қайғылы оқиға бәрімізді қынжылтып отыр.

«Бірлік түбі — береке». Шеруге шыққандардың талаптары тыңдалды, арнайы іс-шаралар қабылданды. Елде жаңа саяси реформа қабылданады деген сенімдеміз.

Тәуелсіздік — ең басты құндылығымыз. Бабалар аманатын көздің қарашығындай қорғау — парызымыз.

Ел ертеңі — жастар. Барша замандастарымды сауатты, мәдениетті, зайырлы қоғам мүшесі болуға шақырамын. Сын сағатты бірге еңсерейік!

Басқа жаңалықтар

Back to top button