Пікір

Бірлікте, ынтымақта болайық!

Серікжан ЕНШІБАЙҰЛЫ,

Ақтөбе облысының бас имамы:

— Тәуелсіздік — біздің ең басты құндылығымыз. Сондықтан тәуелсіздігімізді сақтап қалуға тиіспіз. Әрбір мұсылман фитнадан, яғни бүліктен аулақ болуы керек. Құранның«Бақара» сүресінде: «Бөлек фитна— адам өлтіруден де үлкен күнә» делінген. Пайғамбарымыз: «Сондай бір заман келеді, ол кезде фитналар көбейеді. Сол уақытта бүлікке араласпай, үйде отырғандар құтылады» деген. Сондықтан әрбір мұсылман тыныштықты сақтауға, фитнадан аулақ болуға, қоғамда адамдарды татуластыруға әрекет жасауы керек. Сонымен қатар Алла Құранда бұйырғандай, «Аллаға және оның Елшісіне, іштеріңнен шыққан басшыға бағыныңдар» дейді. Басшыға бағыну  — қоғамдағы тұрақтылықты сақтаудың, тәуелсіздігіміздің баянды болуының кепілі. Қоғамда тұрақсыздықтың болуы, әртүрлі фитнаға жол беру — еліміздің дамып, өркендеуіне кедергі келтіретін дерт. Фитнаның, яғни бүліктің қоғамға тигізер зардабы да орасан.

Құрметті жамағат, мұсылман қауым! Әртүрлі бүліктен, фитналардан, алып-қашпа өсек-әңгімелерден  аулақ болуымыз керек. Алла тағала: «Сендерге бір хабар келген сәтте оны тексеріңдер!» — деді. Яғни қандай да бір ақпараттың  дұрыс, бұрыс екенін тексерместен, соқыр сеніммен еріп кетуге жол бермеуіміз керек. Біз, қазақ халқы ежелден осы тәуелсіздікті аңсап, соған қол жеткіздік. Бұл — Алла тағаланың үлкеннығметі. Сондықтантәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін, тұрақтылық үшін жұмыс жасауымыз керек. Жамағатты бірлікке, ынтымаққа шақырамыз. Бүлік ақ-қараны ажырата алмай, ортада неше түрлі кінәсіз адамдардың зардап шегуіне алып барады. Барша бауырларымызға, жамағатқа Алла тағала сабыр берсін. Баршамыз бірлікте, ынтымақта болайық!

Басқа жаңалықтар

Back to top button