Экономика

«Бастау-Бизнес» курстары биыл да жалғасады

Елімізде жаппай кәсіпкерлікті дамыту өзекті мәселе болып отыр. Ал кәсіпкерлік саласын таңдағандар бизнес негіздерін және таңдалған қызмет саласындағы экономикалық жағдай туралы ақпаратты білуге тиіс.

Бүгінде елімізде «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйытқы болуымен «Бастау-Бизнес» курстары жүргізіліп келеді және өңірде осы курс түлектері үшін «Atameken Aktobe»шағын қаржы ұйымы қаржылық қолдау көрсетеді.

— Бес жыл ішінде 11 мыңға жуық ақтөбелік «Бастау-Бизнес» бойынша оқудан өтті. Соның нәтижесінде облыстың 3,5 мыңға жуық тұрғыны өз бизнесін бастады. Оның ішінде 2 360 түлек қайтарымсыз гранттар алды, ал 970 қатысушы жеңілдетілген несиелерді пайдаланды. Былтыр 1 381 тұрғыны онлайн режимде оқытылды. Жалпы айтсақ, бастаулықтардың арқасында 2 мың жаңа жұмыс орны ашылған. Іске қосылған он жобаның төртеуі ет өндіру саласында, үштен бірінен астамы — сүт, қымыз, сүзбе, май, құрт және басқа да сүт өнімдері өндірісінде, төрттен бір бөлігі – қызмет көрсету және сауда саласында, оның ішінде балалар даму орталықтары, тігін ісі, полиграфиялық, құрылыс, шағын маркеттер, әсемдік салондар бар. Барлық ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер палатадан тұрақты көмек алып отыр.

Мысалы, «Бастау-Бизнес»жобасының былтырғы түлегі, көп балалы ана Динара Сарманова грант алып, химиялық тазалау цехын ашты. Динара химиялық тазалау кәсіпорнында жалдамалы жұмыскер болды. Кейін жеке бизнес ашуға ниет білдірді. Әзірге химиялық тазалау цехы жалға алынған бөлмеде жабдықталды. Кәсіпкер үш ақтөбелікті жұмыспен қамтамасыз етті.

Ақтөбеде сәтті жүзеге асырылып жатқан тағы бір жоба — «Dara» ательесі. Оны да бес баланың анасы Эльмира Ахаева ашты. Ол кәсіпкерлік негіздері курсынан өтіп, 583 мың теңге көлеміндегі грантты жеңіп алды. Ательені жабдықтап, екі жұмыс орнын ашты.Тағы бір Ақтөбелік Шынар Әбуова бетон өнімдерін өндірумен айналысады. Бүгінде ол екі жұмыс орнын ашып отыр.

Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін бизнес-инкубатор ашу туралы мәселені көтеруге ниеттімін, ең бастысы, бұл оларға жеңілдікті шарттармен коммерциялық бөлмелерді жалға алуға мүмкіндік береді, — дейді өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Сұлупан Панақызы.

Сұлупан Панақызының айтуынша, былтырөңірлік кәсіпкерлер палатасы жанынан «Atameken Aktobe»шағын қаржы ұйымы құрылды. Бұл ұйым «Бастау-Бизнес», оған қоса «Бизнес Кеңесші», «Бизнес Мектеп» жобалары бойынша оқып, сертификатқа ие болған азаматтардың жобасын қаржыландырумен айналысады.

— Несиеосы жобалардыңтүлектерінеберіледі. Несиенікезкелгенсаланыдамытуүшіналуғаболады.Тек микроқаржы ұйымы несиені тұтынушылық мақсатқа, бұрын алған несиені өтеу, несие берешегін қайта қаржыландыруға, жылжымайтын тұрғын үй, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін сатып алуға бермейді.

Несие 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығындағы жобалар үшін 7 жылға дейін беріледі. Берілетін қаржы сомасы 7,2 миллион теңгеге дейін.Бүгінгі таңда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша 19 адамға 6 пайыздық несие берілді.

Жобаларды әзірлеу және сүйемелдеу бойынша жұмысты палатаның Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының кеңесшілері жүргізеді.Осылайша «Атамекен» шағын кәсіпкерлікті қолдаудың экожүйесін қалыптастырды деп толығымен айта аламыз. Себебі тұрғындарды кәсіпкерлікке оқытамыз, оларға бизнес-жоспар дайындап береміз және соңғы кезең — аталған шағын қаржы ұйымы арқылы олардың жобаларын қаржыландырамыз, — дейді ол.

«Бастау-Бизнес»жобасы бойынша курстар биыл қайта басталады. Оқуға қатысудың барлық мәселелері бойынша тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталықтарына жүгіну қажет. Дәл сол жерде топтар тіркеліп, құрылады. Кәсіпкерлер палатасының міндеті— тек жобаларды оқыту және сүйемелдеу.

— Сервистік қызметтерді«Бизнеске арналған үкімет» порталында, яғни g4b.kz сайтына кіре отырып онлайн форматта алуға болады. «Бизнеске арналған үкіметте»мемлекеттік органдардың, банктердің, қаржы институттарының өкілдері қызмет көрсетеді. Оның мақсаты— «Бір терезе»қағидаты бойынша бір жерде көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік қолдау шаралары кешенін ұсыну.  Уақыт, қаржы үнемдеу жағынан да қолайлы.  Ал офлайн режимінде Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында бухгалтерлік, салықтық және статистикалық есептерді тапсыру, құқықтық, маркетингтік, мемлекеттік сатып алу порталы бойынша қызметтерді тегін алуға болады, — дейді С.Панақызы.

М.ТАБЫН.

Басқа жаңалықтар

Back to top button