Жаңалықтар

Банкоматтарда ақша бар

Кешеден бастап Ақтөбе, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары мен Шымкент, Ақтау және Түркістан қалаларында банкоматтарды қолма-қол ақшамен қамтамасыз ету жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан Ұлттық Банкі қаржы жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында жағдайы тұрақты жекелеген аймақтарда, атап айтқанда, 8 қаңтардан бастап Ақтөбе, Қызылорда, Шығыс-Қазақстан облыстары мен Шымкент, Ақтау және Түркістан қалаларында екінші деңгейлі банктердің банкоматтарын қолма-қол ақшамен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасып жатқанын хабарлайды», делінген мәліметте.

Айта кетейік, бұған дейін Kaspi банк пен Halyk Bank-тің мобильді банкинг қосымшалары интернетсіз жұмыс істеп тұрды.

inform.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button