Басты бет » Білім » Құжат тапсыру мерзімі өзгерді

Құжат тапсыру мерзімі өзгерді

Білім және ғылым министрлігінің басшысы Асхат Аймағамбетов ҰБТ тапсыру, магистратура мен докторантураға құжат тапсыру мерзімі кейінге қалғанын мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, қаңтардағы ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау 21 қаңтарға дейін созылған. Бұған дейін құжат қабылдау 24 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығында өтетіні хабарланған еді. Қазіргі ахуалға байланысты құжат қабылдау мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданған.

Осылайша 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында болады деп жоспарланған ҰБТ 25 қаңтар мен 22 ақпан аралығында өтеді. Бұған дейін 100 мыңға жуық адам құжат тапсырған.

Министрлік магистратура мен докторантураға құжат тапсыру мерзімін 24 қаңтарға дейін созуға шешім қабылдаған.

Tengrinews.kz