Жаңалықтар

Жедел желіні іске қосты

Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері медициналық көмек бойынша қосымша жедел желі қосылғанын мәлімдеді.

«Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінде медициналық көмек көрсету бойынша және төтенше жағдай кезінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша қосымша жедел желі қосылды: 1406 байланыс орталығы және 8-7172-67-41-33, 8-7172-67-41-34, 8-7172-67-40-92 байланыс нөмірлері іске қосылды. Жедел желі 8.00 мен 20.00 аралығында қолжетімді», — делінген хабарламада.

Сонымен бірге елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын бақылау үшін арнайы байланыс желісі құрылды. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы өсуін анықтаған болсаңыз мына байланыс нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз: (87172) 74-96-64, 74-34-01, 74-31-26, 74-90-52 (астана уақыты бойынша 9.00 мен 18.30 аралығында); 8 705 231 2423, 8 776 458 8885, 8 708 883 0262, 8 701 369 6128 (астана уақыты бойынша 22.00-ге дейін)», — делінген хабарламада.

Tengrinews.kz.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button