Жаңалықтар

Кәсіпкерлік нысандары зардап шеккен жоқ

Еліміздегі төтенше жағдай кезінде облыстағы орта және шағын кәсіп саласы қалыпты жағдайда жұмыс жасап жатыр.

Өңірдегі кәсіпкерлік нысандарының барлығы қалыпты жағдайда жұмыс жасауда.Орта және шағын кәсіп ғимаратыныңешбірі зардап шеккен жоқ.

Ақтөбе қаласы бойынша газ бағасының құны — 50 теңге. Газ тапшылығы жоқ, — дейді облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы.

Еліміздегі төтенше жағдай кезінде облыстық кәсіпкерлер палатасына 10 кәсіпкерден өтініш келіп түскен. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Руслан Күйшіновтің айтуынша, кәсіпкерлер өтініші негізінен форс-мажор жағдайына байланысты болып отыр. Яғни интернет желісінің болмауы кәсіпкерлер жұмысына қолбайлау болып тұр.

Қазір Кәсіпкерлер палатасы штаттық режимде жұмыс жасауда. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының call-орталығы — 1432, алөңірлік орталықтың байланыс нөмірлері: 8-(71-32) 744-607, 8-701-784-85-82, 8-702-567-80-11, 8-701-753-30-93, 8-777-760-11-42, 8-702-401-76-68.

Өңірлік палата кәсіпкерлерден қауіпсіздік шарасын мейлінше сақтауды және бұқаралық шараларды өткізбеуге шақырады.

Төтенше жағдай мен коменданттық сағаттәртібі мен талабын сақтау керектігін кәсіпкерлер есіне саламыз. Кәсіпкерлікке байланысты барлық сұрақ бойынша облыстық кәсіпкерлер палатасына хабарласуды өтінеміз, — дейді Руслан Күйшінов.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button