Жаңалықтар

Интернетсіз аса қажетті сервистерді іске қосу мәселесі шешіліп жатыр

Контртеррорлық іс-шаралармен қатар интернет те шектелгені мәлім. Себебі террористік топтар іс-әрекеттерін жоспарлап, үйлестіру үшін байланыс құралдарын пайдалануда. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы Бағдат Мусин желідегі парақшасында жазды.

«Негізгі салаларды цифрландыру салдарынан көптеген адамдар қолма-қол ақшасыз қалды. Сондықтан біз Ұлттық банкпен, сондай-ақ басқа да банк және ұйымдармен бірге интернеттің жоқтығына қарамастан, кейбір ресурстарды тәулік бойы қолжетімді ету механизмін жасадық. Қазіргі сәтте халық Хоумбанк пен Каспидің төлем сервистерін қолдануға болады. Басқа да банктерді қосу жұмысы атқарылып жатыр. Яғни интернет болмаса да, бұл қосымшалар қолжетімді болады. Бірқатар ақпараттық ресурстар жұмыс істеп тұр: tengrinews.kz, inform.kz, baq.kz, 24.kz, stopfake.kz, qazaqstan.kz және т.б. akorda.kz сайты офлайн тәртіпте қолжетімді», —  деп жазды. Сонымен біге басқа да аса қажетті сервистерді іске қосу мәселесі шешіледі. Жұмыстар біртіндеп жүзеге асуда, әр ресурсты жеке-жеке қарастырып, арам пиғылдылардың пайдаланбауын қадағалап, қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажет. Егер қандай да бір сервисті қосу бойынша ұсыныстар болса, пікір қалдырыңыздар. Президенттің бірнеше тапсырмасы орындалды. Бірінші — интернет өшірілгендіктен, адамдар дыбыс және SMS трафигін пайдаланғандықтан, барлық абоненттерге тегін 200 смс пен 300 минут берілді. Екінші — зардап шеккендер мен із-түссіз жоғалғандарды іздеу бойынша 1414 call-орталығы негізінде тікелей желіні ұйымдастырдық. Үшінші — байланыс операторларымен тығыз жұмыс істеудің арқасында азаматтарға SMS арқылы хабарландырулар мен жаңалықтар жолдануда.

inform.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button