Жаңалықтар

Он бір ұйымдастырушы мен іріткі салушы ұсталды

Еліміздің бірқатар аймақтарында құқық қорғау органдары қылмыскерлерді анықтап, ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізіп жатыр.Жалпы еліміз бойынша 4404 адам ұсталып, полиция бөлімшелеріне жеткізілді.Олардың ішінде шетелдік азаматтар да бар. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша,облыстағы жағдай полицияның толық бақылауында.

— Құқық қорғау органдарының қызметкерлері Ақтөбе қаласы мен облыс аумағында тиісті қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жатыр. Осыған байланыстыоблыс аумағында түнгі 22.00-ден бастап таңғы сағат 6.00-гедейін коменданттық сағат енгізілді. Өткен түні коменданттық сағат режимін бұзған 300 адам полиция бөліміне жеткізілді. Олардың 166-сы әкімшілік жазаға тартылды. Сонымен қатар 11 ұйымдастырушы мен іріткі салушы ұсталды. Қазіргі уақытта олардың екеуіне Қылмыстық Кодекстің272-бабы 1-бөлігі, жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру дерегі бойынша қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы алынды. Қалған ұсталғандардың құқыққа қарсы әрекеттеріне заңды баға берілетін болады, — дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ерболат Сарқұлов. Сондай-ақ ол облыс тұрғындарынан төтенше жағдайлар кезінде барлық қауіпсіздік шараларды сақтап, дүрбелең мен арандатушылыққа ермеулерін сұрады.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button