Жаңалықтар

500 мың тонна астық жібереді

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ 2021 жылғы астықты форвардтық сатып алу бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде 930 мың тонна көлемінде астық ресурстарын қалыптастырды, оның ішінде азық-түліктік бидай880 мың тонна.

Бұл туралы акционерлік қоғамның баспасөз қызметінен хабарланды. Әлеуметтік нан бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында «Азық-түлік келісім шар ткорпорациясы» биылғы жылдың қаңтар айынан бастап ұн тарту зауыттарына 275 мың тонна бидайды арзандатылған бағамен сатуды бастайды. Сондай-ақ еліміздің құс және мал шаруашылығы кәсіпорындарын жеммен қамтамасыз ету бойынша 235 мың тонна астық пен кебек жіберіледі.

inform.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button