Білім

Қысқы каникул ұзартылды

Мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындары студенттерінің қысқы каникул мерзімі ұзартылды. Ал балабақша жұмысын өңірлік комиссия шешеді.

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты және балалардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Білім және ғылым министрлігі жалпы білім беретін мектептердегі оқушылардың демалысын 17қаңтарға дейін ұзартты. Арнаулы және жоғары оқу орындары студенттерінің демалыс мерзімі 24қаңтарға дейін ұзартылды, — дейді облыстық білім басқармасының басшысы Жолдас Батырхан.

Оның айтуынша, төтенше жағдай кезінде облыстағы білім нысандарында ешнәрсе бүлінген жоқ. Жылу, су, жарық бар.

Балабақша жұмысы алдағы аптада белгілі болады. Облыстағы жағдайға байланысты өңірлік комиссияшешім қабылдайды. Ана-аналардан балаларды үйден шығармауын, қадағалаусыз қалдырмауын сұраймыз, — дейді Жолдас Батырхан.

Г.БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button