Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы Юрий Ильинді қабылдады

Президентке төтенше жағдай кезінде ТЖМ бөлімшелері өздеріне жүктелген міндеттерін орындағаны жөнінде баяндалды.

Юрий Ильин мемлекеттік мекемелер мен бизнес-субъектілер ғимараттарының кең көлемде өртенуіне заңға қарсы әрекеттер себеп болғанын жеткізді.

Қызметтік міндеттерін атқару кезінде ТЖМ-ның 10 қызметкері түрлі жарақат алған, соның ішінде бір қызметкерге оқ тиіп жараланған. Шабуылдардың салдарынан өрт және құтқару қызметінің  29 техникасы зақымданған, оның ішінде 5 автоцистерна толығымен өртеніп кеткен.

Қасым-Жомарт Тоқаев жүктелген міндеттерді әрі қарай атқара беруге және  хабарлама жіберу жүйесі арқылы тұрғындарға уақытылы ақпарат беріп отыру қажет екеніне баса мән берді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button