Басты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев лаңкестікке қарсы штабтың отырысын өткізді

Бүгін таңғы сағат 7:00-де Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорда резиденциясында Президент Әкімшілігінің, Қауіпсіздік Кеңесінің және күштік құрылымдар басшыларының қатысуымен кеңес өткізді.

Жиын барысында еліміздегі қазіргі ахуал, сондай-ақ лаңкестікке қарсы іс-қимылдардың барысы мен өңірлердегі жағдай қарастырылды.

– Антитеррор операциясы басталды. Күштік құрылымдар қауырт жұмыс атқарып жатыр. Негізінен бүкіл өңірде конституциялық тәртіп қалпына келтірілді. Жергілікті органдар жағдайды бақылауда ұстап отыр. Алайда лаңкестер қару қолданып, азаматтардың жеке мүлкіне залал келтіруде. Сондықтан лаңкестікке қарсы іс-қимылдар содырларды толық жойғанша жалғаса береді, – Қасым-Жомарт Тоқаев.

Құрылымдық күштер басшыларының хабарлауынша, жалпы тәртіпті реттеуге атсалысу үшін Қазақстанға ҰҚШҰ-ның біріккен бітімгерлік әскери күштері келе бастады. Олар стратегиялық нысандардың қорғалуын қамтамасыз ету үшін белгілі бір шектеулі мерзімге ғана келді.

Жиында Ішкі істер, Қорғаныс министрлерінің міндетін атқарушы тұлғалар және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы есеп берді.

Мемлекет басшысы еліміздегі жағдайды одан әрі тұрақтандыру жөнінде бірқатар нұсқау берді.

Akorda.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button