Экономика

Қаржылық лизинг аясында алғашқы кепілдік рәсімделді

Сейсенбі күні «Даму» қорының облыстық филиалы «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасының «Қарапайым заттар экономикасы» бағыты шеңберінде қаржылық лизинг аясында алғашқы кепілдік рәсімделді.

Кепілдік «Нұрбанк» АҚ ЕҰ»ЖШС-ның «Нұр Лизинг» лизингтік компаниясы арқылы қаржылық лизинг алған «Ақжар Агро» ЖШС компаниясына берілді.

Бұрын мұндай кепілдіктер екінші деңгейлі банктерден несие рәсімдеген кәсіпкерлерге ғана беріліп келген болса, тұңғыш рет лизингтік компания арқылы қаржылық лизинг алған кәсіпкер үшін рәсімделіп отыр.

«Ақжар Агро» серіктестігі  қызметінің негізгі бағыты — ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіру, дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, нақтырақ айтсақ, астық өсіру және мал шаруашылығы болып табылады. Компанияның иелігінде ауданы 25 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы алқаптары, 5 комбайн, 22 трактор, 3 тиегіш, 10 жүк автомобилінен, басқа да арнайы техникадан тұратын ауыл шаруашылығы техникасы базасы бар.

Компания лизингтік компанияға 40 млнтеңгеден астам сомаға арнайы техника сатып алу мақсатында жүгінді, осы ретте«Даму»қоры қаржы лизинг құнының 50 пайызы мөлшерінде кепілдік берді.

— «Даму»қорының несиелеріне,  қаржылық лизингіне кепілдік беру түріндегі мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсіпкерлер өз бизнестерін кеңейте алады немесе ісін жаңа бастаған кәсіпкер ретінде жұмысын жандандыра алады.

Кепілдік беру өнімдерінің толық шарттарын, сондай-ақ кәсіпкерлерді қолдаудың басқа шаралары бойынша ақпаратты damu.kz сайтынан, сондай-ақ «Даму» қорының облыстық филиалына келіп алуға болады, — дейді филиал басшысы Айнагүл Бәйдаулетова.

М.САТАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button