Мәдениет

Мызғымас достықтың жаршысы

Тәуелсіздік күні Өнер орталығында Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының «Достық сазы» фольклорлық ансамблінің  «Мызғымас достықтың жаршысы» атты концерті өтті.

Биыл аталған ансамбльдің құрылғанына 10 жыл толды,көркемдік жетекшісі —  Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі,«Құрмет» орденінің иегері Бақытбек Зейнелов.Тәуелсіздіктің 20 жылдығы тұсында негізі қаланған өнер ұжымын құрудағы негізгі мақсат — елімізде тұратын түрлі этнос өкілдерінің бірлігін нығайтып, ұлттық музыка шығармаларын кеңінен насихаттау.Бұл бастамаҚР мәдениет қайраткері Қанат Айтбаевтың басшылығымен және Ақтөбе облысы әкімдігінің қолдауымен ашылған-ды.

Мерекелік кеште Қанат-Светлана Айтбаевтар, Жадыра Арыстанова, «Саз», «Жайдарман» балалар студиялары және филармония әншілері өнер көрсетті.

Ұлттық және Еуропаның классикалық музыкалық шығармаларымен қатар, Ақтөбе өңірінде дүниеге келген Тәңірберген Молдабай, Қызыл Тұрдалыұлы, Шернияз Жарылқасынұлы, Қазанғап Тілепбергенұлы секілді халық композиторларының ән-күйлері орындалды.

Мейірпаш НАУРЫЗБАЕВА,

А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің «Музыка теориясы» мамандығының 4-курс оқушысы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button