Спорт

Дзюдодан жарыс өтті

Қурайлыдағы Мәдениет үйінің спортзалында «Ақ барыс» дзюдо клубының ұйымдастыруымен ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 5-13 жас аралығында балалар мен жасөспірімдер арасында дзюдодан жарыс өтті.

Жаттықтырушылар Айбек Бақтығали мен Мақсат Тұрмағанбеттің ұйымдастыруымен өткен жарысқа Қурайлы мектеп-интернатының оқушылары мен осы ауылдың балалары қатысты.

Айбек Бақтығалидың айтуынша, әуелі жас дзюдошыларөлшеніп, салмақтарына қарай бөлініп, барлығы қырыққа жуық жеткіншек татами үстінде бақтарын сынады.

44 келі салмақта сайысқа түскендер арасында Әділ Әмірхан чемпион атанды. Екінші орынға Артур Гончаров ие болды. Ал үшінші орынды Бейбарыс Қойшығұлов пен Нұрислам Әбдірахман иеленді.

32 келі салмақтағылар арасында Бекхан Аппақов жеңімпаз атанды. Осы салмақта ІІорынғаАян Табынбаев пен Санжар Бауыржанұлы ие болса, ІІІ орынды Санжар Қолқанатов пен Диас Серік  бөлісті.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button