СпортТәуелсіздік — 30

«Ұстаз барысы» турнирі өтті

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі аясында облыста алғаш рет қазақ күресінен «Ұстаз барысы» турнирі өтті.

«Ұстаз барысы» турнирін облыстық білім басқармасы менреспубликалық «Спорт жұлдыздары» журналы бірігіп ұйымдастырды. Атынан көрініп тұрғандай, бұл жарыста бозкілемге мұғалімдер шығып, бақ сынасты.

Турнирге 47 мұғалім қатысты. Олар үш салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсетті: 66, 82 және 100 келіге дейінгі салмақтар. Жеңіл, яғни 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Мұғалжар ауданынан келген палуан — Жеңіс Қалыбай; 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде — Ақтөбе қаласының атынан шыққан Заманбек Қанатұлы, ал ауыр салмақта Әйтеке би ауданынан келген палуан Бағдат Құдайбергенов жеңімпаз атанды.

Сондай-ақ мұғалжарлық Назарбай Қазақбаев, Темірлан Бұрынғалиев, темірлік Айсұлтан Тұрым, алғалық Рамиль Абдурахманов, ақтөбелік Айбек Жолдыбай мен Тоқтар Қосановтар жүлдегер атанды.

Барлық жүлдегерлерге ұйымдастырушылар атынан алғыс хат, арнайы белдіктер мен ақшалай сыйақы сертификаттары табысталды.

А.САРЫБАЙ. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button