Басты жаңалықтар

Жол жүру құны арзандады

3 желтоқсаннан бастап облыс орталығындағы қоғамдық көліктерде жүру ақысы төмендеді. Бірақ жеңілдік барлық қала тұрғындарына емес, 7-санатқа кіретін азаматтарға ғана қарастырылған.

Жыл басында облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің бекіткен «Жол картасы» аясында Ақтөбе қаласында  нақты жұмыстар атқарылып жатыр. Өңірде субсидиялау мәселесі оң шешімін тауып, тозығы жеткен автобустар қатары жаңа автобустармен толықса, енді қала аумағындағы қоғамдық көліктерде жеңілдетілген тариф бекітілді. Бұл туралы кеше журналистерге қала әкімі Асхат Шахаров хабарлады. Сонымен жеңілдетілген тариф кімдерге қарастырылған?

— Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен оған теңестірілген азаматтар, 1-топтағы мүгедектер мен мүгедек балалар автобустарда тегін жүреді. Ал зейнеткерлер мен 2 және 3-топтағы мүгедектер үшін жол жүру ақысы 50 пайызға арзандатылды. Аталған азаматтар үшін автобустарда жол жүру құны карталары арқылы 40 теңгені құрайды, — деді қала әкімі Асхат Шахаров.

Айта кетейік, автобуста жүру карталары өзгеріссіз қалады, оларды өзгерту қажет емес. Тек жол жүру құны өзгереді. Жеңілдік карталарын алмағандар немесе жоғалтып алған тұрғындар Некрасов көшесі,112 немесе Сәңкібай батыр даңғылы, 22 мекенжайынан барып ала алады.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button