Жаңалықтар

Татулық пен бірлік — берекелі өмірдің кепілі

«Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратында 1 желтоқсан — Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне орай «Нұрсұлтан Назарбаев феномені және Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Шараға этномәдени бірлестік өкілдері, «Бірлік» ақсақалдар кеңесі, облыстық аналар кеңесінің мүшелері, кәсіби медиаторлар қатысты. Кештің модераторы «Қоғамдық келісім» мекемесі директорының міндетін атқарушы Сәния Жарықова қатысушыларды ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен және тұңғыш Президент күнімен құттықтады. Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Бірлік» ақсақалдар кеңесінің төрағасы, Ақтөбе қаласының құрметті азаматы Еркін Құрманбек «Н.Назарбаевтың феномені және Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында баяндама оқып, тәуелсіздік жылдарына шолу жасап, Елбасының рөлі туралы айтты. Одан соң облыстағы шешендердің этномәдени бірлестігінің төрағасы Хасан Сагаев, «Дагестан» орталығының төраға орынбасары Мугарам Сүлейменовтер Қазақстандағы халықтар арасындағы татулық пен бірлік жайында елдегі тұрақтылық — берекелі тірліктің кепілі екендігін әңгімеледі.

А.БАЛЖАНАЙ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button