Жаңалықтар

Газет — рухани құндылық

Баспасөз — 2022

Әлібек САРИН,

Ырғыз ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

— Мен мемлекеттік қызмет саласының ардагерімін. Өңіріміздің айнасы — «Ақтөбе» газеті маған қашанда ыстық. Облыстық газетке қызметке алғаш кіріскен кезімнен бастап қазіргі күнге дейін жазылып келемін. Отбасымыз болып асыға күтетін «Ақтөбе» газетінің әр жаңа санынан өңірдің тыныс-тіршілігімен танысып, жақсы жаңалықтар, мағыналы мақалалар, әдемі естеліктер оқимыз. Қазір үлкен де, кіші де керекті ақпаратты іздегенде, ой-пікір бөліскенде әлеуметтік желіге жүгінеді. Дегенмен біз, аға ұрпақ, баспасөзге рухани құндылық ретінде қарап үйренгенбіз. Бүгінгі күні елімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл — өткенде кеткен есеміздің, жоғалтқан құндылықтарымыздың орнын толтыру үшін қолға алынған үлкен іс. Рухани жаңғыру жолындағы істердің ұйытқысы да — қазақ баспасөзі.

Газет бетіндегі әр жарияланым оқырманның көңілінде жатталып қалады, оны рухани тұрғыдан байытады, білім көкжиегін кеңейтеді. Сондықтан ғасырға жуық тарихы бар, облысымыздың айнасы «Ақтөбе» газетін әрдайым іздеп жүріп оқитын ойлы оқырмандардың жылдан-жылға көбейе береріне сенемін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button