Жаңалықтар

Волейболдан жарыс өтті

Турнир

«Jas Otan» жастар қанаты облыстық филиалы Nur Otan партиясы Ақтөбе қалалық филиалымен бірлесіп, партияның бастауыш партия ұйымдарының 35 жасқа дейінгі жастары арасында волейболдан турнир өткізді.

Аталған шара ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және 2020-2025 жылдарға арналған «Жастар — Отанға!» жобасын іске асыру аясында ұйымдастырылды.

Турнир Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің базасында өтті.

Жалпы турнирге 8 команда қатысты. Турнирдің ережесі бойынша әр командада ерлер мен әйелдер аралас ойнады.

Тартысты өткен ойынның нәтижесінде І орынды «Білім ордасы» бастауыш партия ұйымының, ІІ орынды «№24 орта мектеп» бастауыш партия ұйымының, ІІІ орынды «Қазхром» бастауыш партия ұйымының командасы жеңіп алды.

Жеңімпаз командаларға арнайы кубок пен медальдарды «Jas Otan» жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы Ануар Искарин, Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаттары — Амантай Үмбетай мен Хайдар Ілиясов табыстады.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Back to top button