Денсаулық

Салқыннан сақтанып жүріңіз!

Биылғы жылдың 1 қазан-1 желтоқсан аралығында облыс бойынша ЖРВИ-дің 3142 жағдайы тіркелді. Науқастардың ішінде 1044-і — 14 жасқа дейінгі балалар. Биыл өткен жылмен салыстырғанда аурушаңдық деңгейі 1,6 есеге төмендегені байқалады (өткен жылы ЖРВИ бойынша 4773 жағдай, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 2404 жағдай тіркелді).

А типті тұмаудың 14 жағдайы тіркелді (H3N2 түрі), оның ішінде алтауы 14 жасқа дейінгі балалар арасында болса, 4-еуі — жүкті әйелдер арасында, ал 4-еуі — ересек тұрғындар арасындағы жағдай. Бұл ауырған адамдардың барлығы — тұмауға қарсы вакцина алмағандар.

Бүгінгі таңда тұмаудың алдын алудың ең тиімді және ғылыми негізделген әдісі – вакцинация. Тұмауға қарсы иммунитетті уақтылы қалыптастыру мақсатында биылғы жылы облыс бойынша 169 855 адам егілді, бұл — облыс халқының 19,5 пайызы. Иммунизациядан кейін қолайсыз жағдайлар байқалмады.

ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу мақсатында төмендегі шараларды ұстануға шақырамыз:

— таза ауада, саябақтарда, скверлерде серуендеу (тыныс алуды дұрыс реттеу арқылы жүру өкпе вентиляциясын күшейтеді, қан айналымы жүйесін жақсартады, ағзаны шынықтырады);

— қол гигиенасын сақтау, яғни қолды сабынмен жиі жуу, әсіресе көшеде серуендегеннен кейін;

— науқас адаммен қарым-қатынаста бетперде қолдану;

— пәтер мен жұмыс үй-жайын жүйелі түрде желдету;

— эпидемиялық маусым кезеңінде мүмкіндігінше адам көп жиналатын жерлерден аулақ болу;

— салауатты өмір салтын ұстану, денешынықтыру және ағзаны шынықтыру;

— С витаминіне бай тағамдарды жеу;

— егер ауырып қалсаңыз, өз-өзін емдеумен айналыспаңыз, тұрғылықты жеріңіз бойынша емханаға барып немесе үйге дәрігерді шақыртыңыз.

Ақтөбе облысының санитарлық-

эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button