Басты жаңалықтар

Ақтөбе мен Березникидің әріптестігі нығаяды

Ақтөбе мен Ресейдің Пермь өлкесіне қарасты Березники қаласы туризм, спорт, бизнес және мәдениет салаларында өзара әріптестік орнатуға келісті. Кеше жоғарыда аталған екі қаланың басшылары осы жөнінде меморандумға қол қойды.

Қала әкімдігі ғимаратында өткен салтанатты шарадан соң Ресей Федерациясының аталған қаласының мэрі Константин Светлаков қала әкімі Асхат Шахаровқа естелік сыйлықтарды табыс етті. Ал шаһар басшысы бұған жауап ретінде қазақтың дәстүрі бойынша қонақтың иығына шапан жапты.

Бізге достық қарым-қатынасты нығайту, соның ішінде ғылыми-техникалық, білім беру, мәдени-гуманитарлық және экономикасалаларындағы өзара тиімді байланыстарды арттыру мақсатында Березники қаласынан келген делегацияның құрамында әкімдік басшысының орынбасары, тұтыну нарығы және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы, қоғаммен байланыс және ішкі саясат басқармасының басшысы, т.б. бар.

— Березники қаласы басшылығының бізге ынтымақтастық туралы ұсыныспен келгені кездейсоқтық емес. Өйткені екі қаланың да индустриялық әлеуеті зор. Березники — Пермь өлкесіндегі екінші үлкен қала. Инвестиция тұрғысынан аталған әріптестігіміз сәтті болып, бауырлас қалалардағы кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады деп сенеміз, — деді Асхат Шахаров.

Қонақжайлылық үшін алғыс айтқан Константин Светлаков ғылым, туризм, спорт және мәдениет салаларындағы өзара байланыстың маңызды екенін атап өтті.

 Санат РАШ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button