Жаңалықтар

Жас ұрпақты шығармашылыққа жетелейтін басылым

Гүлназ ТӨЛЕБАЕВА,

Nur Oran партиясы Ақтөбе облыстық филиалының консультанты:

Баспасөз-2022

Облыстың жылнамасын 97 жылдан бері жазып келе жатқан «Ақтөбе» газетімен университет қабырғасында жүргенде таныстым.

«Журналист болсам» деген бала күнгі арманым болатын. Оқуын оқып, дипломын алмасам да, өзім бұқаралық ақпарат құралдарына жақын жүрдім. Жоғары оқу орнында оқып жүріп-ақ, түрлі тақырыпта мақала жазып, жеке шығармаларымды жолдап тұрдым. Әрбір жіберген мақалам мен әңгімем облыс айнасы — «Ақтөбе» газетінің бетінен жарық көргенде қуанышымда шек болмаушы еді. «Ақтөбенің» ардагер журналистерінен бастап, жас буынына дейін етене таныс болдым.

Кейін қызмет бабымен де бұқаралық ақпарат құралдарымен жиі араласатын болдық. Газет тілшілерімен сонау студенттік шақтардан бергі таныстығым одан әрі нығайып, етене байланыста жұмыс жасап келеміз.

Облыстық «Ақтөбе» газеті — өңірдің жаңалығының жаршысы ғана емес, жас ұрпақты шығармашылыққа жетелейтін басылым. Мысалы, осы газеттегі «Балдырған» бетіне оқушылар шығармашылығы жарық көрсе, «Бұқара» айқара бетіне көзі қарақты оқырманның ой-пікірлері, ұсыныс-тілектері шығып жатады. Ал газет бетіндегі тарихи-танымдық мақалаларды ұстаздар мен оқушылардың іздеп жүріп, оқу процесінде пайдаланатындығына сенемін.

Бір сөзбен айтқанда, үйімізде смартфонға үңілгенше, жас ұрпаққа үлгі болып, бір мезгіл «Ақтөбе» газетін қолға алайық.

Басқа жаңалықтар

Back to top button