Пікір

Жаңа деммен жұмыстануға дайынбыз

Марат Қойлыбаев,

жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын

қолдау жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңестің төрағасы.

Биыл еліміздің айтулы мерекесі, ата – бабамыз мирас еткен Тәуелсіздігімізге 30 жыл. Осындай аз бірақ әр қазақстандық үшін маңызды уақыт ішінде біздің еліміз қандай жетістіктерге жетті?

Ең біріншіден, ел болып қалыптастық, Туымыз, Әнұран мен Елтаңбамыз бар, мемлекеттік тіліміз бен дініміз бар, экономикамыз тұрақталып, әлемдік аренадан ойып тұрып өз орнымызды алдық.

Ендігі біздің міндет — осы аманатты сақтап, оны әрмен қарай дамытып, өскелең ұрпаққа насихаттау. Осы орайда мен, «Nur Otan» партиясы жанынан құрылған жұмыспен қамту және осал топтағы азаматтардың жағдайын бақылау комиссияның төрағасы ретінде осы күнге дейін атқарылған жұмыстарымыз туралы ауыз толтырып айтуыма болады. Алайда істегеннен әлі де істемегеніміз көп. Біздің басты міндетіміз — облыс тұрғындарының әл–ауқатын бақылап қана қоймай, сонымен қатар олардың мәселелерін шешуге көмектесу, тұрмыстық жағдайын жақсартуға атсалысу.

Күні кеше Елбасы қазақстандықтарға бағдар болатын «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын ұсынды. Сол жеті бағыттың ішінде ерекше атап айтқым келетіні ол: «Жер – ата – баба мұрасы, халық қазынасы», «Бірлік пен келісім – елдігіміздің мызғымас тұғыры», «Отбасы мен салт – дәстүр – қоғамның алтын діңгегі». Міне, осы негізгі үш бағытты алға тарта отырып, біз облыс деңгейінде жаңа деммен жұмыстануға дайынбыз.

Берілген қағидаттар кез-келген отандасымыз үшін ұранға айналып, ел болашағын жарқын етуге, дамуға және тәуелсіздігімізді сақтауға ыңталандыру қажет деп есептеймін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button