Пікір

Қастерлі құндылығымыз — тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтауымыз керек

А.БалмаҒамбетова,

«NurOtan» партиясы Ақтөбе қалалық филиалының фракция мүшесі,

 қалалық мәслихат депутаты.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінде Қазақстанның тәуелсіздің жылдарында жеткен толағай табыстарын айта отырып, жаңа дәуірдегі қазақстандықтарға бағдар болатын «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын ұсынды.

Біз отыз жыл ішінде қуатты елге айналып, бірлігі бекем ел бола отырып, биылғы мерейтойды толағай табыстармен қарсы алдық. Сындарлы саясаттың нәтижесінде  әлеуеті зор нарықтық экономикалық жүйелі Мәңгілік елге айналдық. Бұл да – тәуелсіздіктің жетістігі.

Аянбай жасалған еңбектің нәтижесінде Қазақстан қазіргі таңда әлемнен ойып тұрып өз орын алды. Ел еңсесі тіктелді, жетістігіміз еселеп артты, ынтымағы жарасқан ел болдық.

Әр Қазақстан азаматы қастерлі құндылығымыз — тәуелсіздікті құрметтеп, тарихымызды бағалап, егемендігімізді көздің қарашығындай сақтауымыз керек деп білемін.

Бұл орайда «Nur Otan» партиясының саяси салмағының басымдылығы зор.  Партияның сындарлы саясаты мемлекеттің асқақтауына өз үлесін қосуда. Осыған орайластыра жасалған партияның жоспары халықтың әл–ауқатын жақсартып,  ел игілігі үшін жасалған нақты жобалар жиынтығы.

«Білім мен еңбек – бақуатты өмірдің кілті» деді Елбасы өзінің сөзінде. Қазіргі таңда білім мен білігі мықты адам, қиындықты жеңіп, жемісті жетістікке жете алады. Еліміздегі талантты, дарынды, алғыр да өжеттер жастарға әркез қолдау көрсетіп, олардың ел ертеңі үшін еңбек етуіне ықпал етуіміз керек. халықаралық деңгейдегі ірі компаниялармен бірлесе жұмыс жасайтын, тың жаңалықтар ашатын  жалынды жастардың көп болуы бізді қуантады. Сондықтан да «Nur Otan» партиясының жоспарында білім саласына да аса көңіл бөлінген.

Алдағы уақытта біз «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидатты басшылыққа ала отырып, бірлігімізді арттырып, ынтымағымызды күшейтіп, дамыған елге айналу жолында ерен еңбектер атқаратын боламыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button