Пікір

Жауапкершіліктің жүгі ауыр

Ануар Искарин,

«Jas Otan» ЖҚ Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы.

Тәуелсіздік – елдің теңдесіз байлығы. Осыдан 30 жыл бұрын азаттықтың ақ таңы атып, өшкеніміз жанды, өлгеніміз қайта тірілді. Ата-баба дәстүрі көш түзеді, халқымыз еңсесін тіктеп, жарқын болашаққа қол созды.Ел басынан өткен нәубетті заманда ұрпағының қамы үшін өзге елдерге жер аударып кеткен жұртымыз атамекеніне оралды. Дүние жүзінде Қазақстан дейтін елдің шекарасы шегенделді. Міне, мұның барлығы — елі қолдаған Елбасының, Елбасы сүйген елінің ортақ еңбегі.

Әлемде қазір ұлттарақтай жерге зәру, азаттықты аңсап жүрген қаншама ел бар. Біреулері алақандай жер үшін қырғи қабақ болып жатыр.

Күні кеше ғана «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Тәуелсіздігін сақтаутың қамы үшін ұсынған «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиындығында: «Адамзат тарихында, тіпті қазіргі кезеңде де даулы территорияның соғысқа, қантөгіске алып келгенін көріп отырмыз (Таулы Қарабақ, Қырым, Грузия және т.б.). Мен өскелең ұрпақты осындай қауіптен сақтап қалу үшін барымды салдым. Енді ата-баба аманатына адал болып, ұлан-ғайыр жерімізді қорғау, оны болашақ ұрпаққа мирас ету – біздің ортақ борышымыз», — деді.

«Елдіктің жеті тұғыры» тұтастай бүгінгі жастарға арналады. Оны Елбасының өзі ерекше атап кетті. Бұл жиынтық ел тәуелсіздігін сақтау жолындағы болашақ ұрпаққа жүктелетін тарихи миссия, жаңа дәуірдегі қазақстандықтарға арналған бағыт-бағдар болмақ. Өйткені, жастарға ендігі кезекте Тәуелсіздікті сақтап қалу жауапкершілігі артылады. Сондықтан біздер азаттығымызды арымызға, болашағымызды бағымызға байлап ұстаумыз керек.

Басқа жаңалықтар

Back to top button