Пікір

Жасампаз ел болуға үндейді

Мира Балтымова,

Ақтөбе қалалық мәслихаты «Nur Otan» фракциясының мүшесі,

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің бас ғылыми хатшысы, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында жаңа дәуірдегі қазақстандықтарға бағдар болатын «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын ұсынды.

Тәуелсіз еліміздің басты стратегиялық мақсаты айқын – әлемдегі ең дамыған жетекші отыз елдің қатарына ену. Бұл үшін қолда бар ресурс пен мүмкіндікті пайдалануға, нәтижелі жұмыс атқаруға және көздеген мақсатқа тиімді қол жеткізуге тырысуымыз керек. Бұл ретте Ұлт көшбасшысы «прагматизм принциптері бойынша барынша қанағатшыл, үнемшіл, ұстамды болып, уақытты орынды пайдалануға талпынған жөн», — деп атап көрсетті.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы ұсынған елдіктің жеті тұғырына сүйене отырып, біз тәуелсіздігімізді баянды етіп, ел тұтастығын сақтап, отбасылық құндылықтарды жаңғыртып, ұлт мәдениетін насихаттап, терең білім мен адал еңбекке ден қойған жасампаз ел боламыз!

Ұстаздар әулетінен шыққан, ширек ғасырдан астам білім беру саласында еңбек етіп келе жатқан ұстаз әрі көпбалалы ана, жастармен жұмыс жасап жүрген қоғам белсендісі ретінде айтарым, жас ұрпаққа және балаларымызға артылып отырған осынау ұлы міндет тәрбие тағылымына айналары сөзсіз.

«Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күштi қанатты» (М.Жұмабаев) жалынды жастарымыздың рухы асқақ, ойы озық, білімі жоғары болуы үшін оларды қолдау мақсатындағы сындарлы саясат негізінде мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, жүзеге асырылып жатыр.

Ұлық мерекеміз – ел тәуелсіздігінің отыз жылдығы қарсаңында айтылған Елбасының аталы сөзі – жасампаз еліміздің болашағы жастардың адастырмас темірқазығы, жол сілтер бағдаршамы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button