Жаңалықтар

Міндет — барлық резервтерді пайдалану

Облыс басшысы Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен аппарат жиыны өтті.

Жиынға Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдері, облыстық басқармалардың басшылары қатысты.

Жиында алдымен өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай сөз болды.

Облыс әкімі тұрақты санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, санитарлық талаптардың сақталуын қамтамасыз етуді тапсырып, екпе салу қарқынын жандандыру қажет екенін атап өтті.

Бұдан кейін жиында облыстың биылғы жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындысы, бюджеттің игерілуі мен Ақтөбе қаласы бойынша Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының жол картасының жүзеге асырылуы қаралды.

Облыс әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды мақсатты индикаторларының қорытындысы бойынша жетістіктерге байланысты бірқатар тапсырмалар берді.

«Біздің міндетіміз — жыл қорытындысы бойынша Мемлекет басшысының, Үкіметтің халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған тапсырмаларын орындау үшін барлық резервтерді пайдалану», — деді Оңдасын Оразалин.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button