Жаңалықтар

Облыста көне тарихи ескерткіштерді зерттеу жалғасады

«Облыс әкімі Оңдасын Оразалин тарих ғылымдарының кандидаты, Ә.Марғұлан атындағы археология институтының бас директоры Оңғар Ақанмен кездесті», — деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында 2021 жылы Ақтөбе облысында «Қазақстанның киелі жерлер географиясы» жобасы аясында жүзеге асырылған ғылыми-зерттеу кешендерінің қорытындысы, сонымен қатар келер жылға арналған жоспарлар талқыланды.

Белгілі болғандай, «Қазақстанның киелі жерлер географиясы» жобасы облыста 2021-2024 жылдарға бекітілген жол картасы аясында жүзеге асырылуда. Биыл жол картасының 14 жобасы орындалып, бірегей жаңалықтар жасалды. Мәселен, Мұғалжар ауданының аумағында сармат дәуіріндегі бірегей артефакттері бар қорым табылды.

«Келер жылға жоспарымыз көп. Облыс аумағы орасан зор әрі тарихи ескерткіштерге толы. Біздің бастамаларымызға қолдау көрсеткеніңіз үшін алғыс айтамыз»,— деді Оңғар Ақан облыс әкіміне.

Кездесуді түйіндеген облыс әкімі Оңдасын Оразалин жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстарының маңыздылығын атап өтіп, жергілікті атқарушы органдардың өңірдің тарихи-мәдени мұрасын зерттеуге, сақтауға және дәріптеуге жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастыратындарын айтты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button