Жаңалықтар

Мәслихаттардың міндеттері айтылды

Парламент Сенатының спикері мен мәслихаттардың хатшылары қатысқан шарада өңірлік даму мәселелері талқыланып, бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуын бақылаудың және Мемлекет басшысы бастамашылық еткен және «NurOtan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізудің маңыздылығы айтылды.

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Нұр-Сұлтанда облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихат хатшыларымен, сондай-ақ жергілікті өкілді органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес және «Өңір» депутаттық тобының мүшелерімен кездесу барысында Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері, сондай-ақ жергілікті өкілді органдардың өңірлерді дамытудағы рөлін талқылады.

Мәслихаттардың Мемлекет басшысының барлық бағдарламалары менбастамаларын іске асыруға белсенді қатысуы маңызды, —  деді отырысты ашқан Мәулен Әшімбаев.

Мәулен Әшімбаев ел Президентінің Жолдауда аумақтық дамуға қатысты алға қойған мақсаттары мен міндеттері туралы егжей-тегжейлі айтып, қалалар мен ауылдарды таза ауызсумен жүз пайыз қамтамасыз ету, елдің «ішкі байланысын» күшейту, өңірлердің экологиялық проблемаларын шешу және т.б. маңызды міндеттердің бірі болып табылатынын атап өтті.

Сенат спикері мәслихаттардың міндеттерінің бірі — бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуына бақылауды жүзеге асыру және Мемлекет басшысы бастамашылық еткен жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізу екендігін айтты.

Кездесу барысында қатысушылар Өңірлік даму мәселелерін қозғап, жергілікті өкілді және атқарушы биліктің дербестігін арттыру, өкілеттіктерді орталық деңгейден жергілікті деңгейге беру, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқаруды нығайту мәселелерін талқылады.

— Кездесуде барынша жеделдетілген шешімді күтетін ауылдарды ауызсумен қамтамасыз ету, экология  секілді көптеген маңызды мәселелер көтерілді. Партияның сайлауалды бағдарламасының іске асырылуы белгіленген жобаларына енген мәселелер мәслихаттың және депутаттық корпустың тұрақты бақылауында болады, атқарушы органдармен бірлескен күш-жігермен олардышешу үшін белсенді жұмыс істейтін болады, —  деді кездесуге қатысқан Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы Амангелді Нұғманов.

Облыстық мәслихаттың баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button