Тәуелсіздік — 30

«Тәуелсіздік — мызғымас тұғырымыз!»

Конкурс

Қазақстан Журналистер одағы облыстық ұйымы облыстағы бұқаралық ақпарат құралдары арасында тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай осы тақырыпта конкурсқа материалдар қабылдайды.

Конкурсқа баспасөз, радио және телевизия қызметкерлері қатыса алады.

Басты тақырып — еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін жария ету, егемендіктің жемісін нақты деректермен баяндау, еңбек адамының бейнесін көрсету.

2021 жылдың қаңтар айынан бастап газет, журнал, және телерадиоларда жарияланған материалдарды Журналистер одағының облыстық ұйымына жібере аласыздар.

Конкурс қорытындысы Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында шығарылады.

Байланыс телефоны: 8 701 405 39 77 немесе электронды пошта: dyarov@mail.ru

Қазақстан Журналистер одағы облыстық ұйымы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button