Жаңалықтар

Табиғат аясында жүгіріп жарысты

Ақтөбедегі «Тау» демалыс базасы аймағындағы әсем табиғатта трейлраннинг жүгіруден жарыс өтті.

Сол күнгі болған қатты жел мен қарға қарамастан, жарысқа 100-ден астам адам қатысты.Жарысқа ат терлетіп, Батыс Қазақстан облысы, Маңғыстау және Атырау облыстарының желаяқтары да келді.

Трейлраннинг — ойлы-қырлы, таулы, орманды жерлерде, яғни табиғат аясында жүгіру. Бұл — ресми расталған, бүкіләлемдік жеңіл атлетика федерациясына енетін спорт түрі.

Бұл күні «Тау» демалыс базасының айналасының бәрі көз қарытар аппақ қар жамылып жатты. Соған қарамастан, төрт жас санаты бойыншасайысқан ерлер мен әйелдер кедір-бұдырлы, ойлы-қырлы жерлерді артқа тастап, мәреге ерекше көңіл күймен келді.

Табиғат аясында жүгіргендердің ең үлкені — 67 жастағы Жұмабай Отарғалиев мәреге көптеген жас қатысушылардан бұрын келіп, лайықты нәтиже көрсетті.

Көрші облыстардан келген қонақтардың арқасында спорттық шара өңірлік жарысқа айналды.

А.БАЛЖАНАЙ. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button