Жаңалықтар

Депозит толықтыратын кез

«Отбасы банк» АҚ — салымшылары жыл сайын 20% көлемінде мемлекеттік сыйлықақы алатын Қазақстандағы жалғыз банк.  Мемлекеттік сыйлықақы 200 айлық есептік көрсеткіштен (583 400 теңгеден) аспайтын жинақ сомасына қосылады. Яғни егер клиент бір жыл ішінде бұл қаражатты өз депозитінде жинаса немесе бірден шотқа салса, онда 2021 жылдың қорытындысы бойынша ол ең жоғарғы сыйлықақы – 116 680 теңге алады.

20% көлеміндегі мемлекеттік бонусты алу үшін «Отбасы банк» салымшылары 31 желтоқсанға дейін жаңадан шот ашып, оған қаражат салып немесе бұған дейін ашқан депозиттерін толықтырулары қажет.

— «Отбасы банкінің» депозиттік қоры жыл сайын артып келеді, бұл халықтың тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне деген сенімін айғақтайды. Соңғы 3 жылда депозиттік қор 624,2 миллиард теңгеден 1,2 триллион теңгеге дейін өсті. Депозиттер санының көбеюі мен олардағы жинақ сомасының ұлғаюы, төленетін мемлекеттік сыйлықақы көлемін де арттырып жатыр. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 1 490 876 салымшыға 50,5 миллиард теңге көлемінде мемлекеттік сыйлықақы төленді. Заң бойынша банк салымшыларына берілетін сыйлықақыны төлеу міндеті мемлекетке жүктелетінін атап өткім келеді. Осылайша мемлекет өз азаматтарына баспана алуға тезірек ақша жинауға көмектеседі. Сыйлықақықаражаты жыл сайын республикалық бюджеттен қарастырылады, — дейді «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Егер салымшының банкте бірнеше депозиті болса, онда мемлекет сыйлықақысы солардың тек біреуіне ғана есептеледі.«Отбасы банкінің» «Отбасылық пакеті» аясында депозит ашқан аса тиімді екенін айта кеткен жөн. Салымшы отбасы мүшелерінің атына жеке-жеке депозит ашса, сыйлықақы олардың әрқайсысына түседі. Сөйтіп, қажетті соманы тезірек жинай алады.  Банк салымшысы жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы шешім қабылдаған бойда бір отбасының барлық шоттарын біріктіріп, несие алуға болады.

М.ТАБЫН.

Басқа жаңалықтар

Back to top button