Тәуелсіздік — 30

Қобданың бұрымды қыздары

«Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қобда аудандық Мәдениет үйінде «Бұрымды қыздар» байқауы ұйымдастырылды. Байқау шарты бойыншасайыста 14-18 жас аралығындағы қыздарымыз өнерін ортаға салды.

Аудандық Мәдениет үйінде өткен шарада Егіндібұлақ, Бегалы, Қосөткел, Жиренқопа, Қобда ауылының, Қобда қазақ орта мектебі, И.Тайманұлы атындағы мектеп-гимназияның бұрымды қыздары бақтарын сынады.

Байқау бес кезеңнен тұрды: қатысушылар «Мен қазақтың қызымын» кезеңінде өздерін таныстырса, «Өнерлі өрге жүзер» бөлімінде өнерлерін көрсетті. «Бұрымды қыз» кезеңінде шаш ұзындығының өлшемі және шаш күтімі бағаланып, «Шолпысы әсем жарасып белге» турында заманауи ұлттық киім үлгілерін көрсетті. Қатысушылар ұлттық салт-дәстүрлерді қалай ұстанатынын, әртүрлі шаш өру тәсілдерін көрсетіп, шаш күтімі құпиялары туралы айтты.

Қобда аудандық мәдениет үйінің домбыра үйірмесінің оқушысы Жанерке Жанкеева байқау жеңімпазы атанып, бас жүлдеге ие болды. И.Тайманұлы атындағы гимназия мектебінің оқушысы Ұлпан Шағалаева бірінші орын иеленді. Байқау соңында барлық жеңімпаздар мен қатысушылар Алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ардақ МҰРЗАБЕКОВА,

Қобда ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button