Жаңалықтар

Ауыл мемлекет қамқорлығын сезініп отыр

Жақсығали ИМАНҚҰЛОВ,

облыс әкімінің орынбасары.

Ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің қажырлы еңбегі мен көрген бейнеті ерекше құрметке лайық. Маңдай терді, үлкен жауапкершілікті талап ететін, қызығы мен қиындығы қатар жүретін ауыл еңбеккерлерінің еңбегін, осы салада биылға қол жеткізген нәтижелерді қорытындылайтын уақыт келді.

Биыл ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді субсидиялауға 23,7 млрд теңге көзделіп, оның17,0 млрд теңгесі жергілікті бюджеттен бөлінді. Нәтижесінде мүйізді ірі қара 9,9 пайызға, жылқы 14 пайызға өсіп отыр.Есептік кезеңде 106,3 мың тонна ет және 286,8 мың литр сүт өндірілді.

Елімізде елді мекендерге көңіл бөлініп,Елбасымыздың бастамасымен «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Облыстың 33 ауылында жалпы сомасы 6,1 млрд теңгеге 69 жоба қолға алынған. Сондай-ақ «Жұмыспен қамту жол картасы-2020», «Еңбек» бағдарламалары аясында жалпы сомасы 5,5 млрдтеңгеге930 жоба іске қосылған. Осыған орай, өңірімізде жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуетінің жоғары екендігін байқауға болады.  Төрт түліктің жеке қосалқы шаруашылықтардағы үлесі — 61 пайыз. Қосалқы шаруашылықтарды мал шаруашылығы өндірістік кооперативтеріне біріктірудің болашағы үлкенекенін көреміз. Өндірістік кооперативтерге мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіледі, бұл — субсидиялар, несиелендіру, жайылымға жер телімдерін беру, малды тұқымдық түрлендіруді жүргізу мүмкіндігі.

Биылғы қолайсыз ауа райы еліміздің бірнеше өңірінде мал шаруашылығы үшін тұрақты мал азығы базасы қажет екенін көрсетті.Сондықтан келесі міндет — мал азығы өндірісінің жағдайын жақсарту. Ол үшін қазіргі уақытта 2023 жылға дейін мал азығы дақылдарының көлемін ұлғайтутуралы бағдарлама әзірленіп жатыр.

Келесі жылдан бастап инвестициялық субсидиялау бағдарламасының шеңберінде сатып алынған мал азығы техникаларына жергілікті бюджет арқылы 35 пайызға, ал ауыл шаруашылығы кооперативтеріне 50 пайызға дейін ұлғайту қаралуда. Сондай-ақ мал азығы дақылдары тұқымдарына бөлінген субсидия нормативтерін егілген көлемнің 25 пайызынан 35 пайызына дейін ұлғайтуды қарастырудамыз.Аталған мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде 2025 жылға дейін мал азығы дақылдарының барлық егіс құрылымындағы үлесі 35 пайыздан төмен болмауы жоспарланып отыр. (275,0 мың гектардан төмен емес).

Сонымен қатар құрғақшылыққа төзімді майлы дақылдардың егіс көлемін ұлғайту қажет.2025 жылға қарай күнбағыс дақылын 100 мың гектарға жеткізу бағдарламасы дайындалды. Бағдарлама іске асырылған жағдайда өңіріміздегі «Акмэз» ЖШС-ын жергілікті шикізатпен қамтуға және тұрғындарды өсімдік майымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Көкөніс және жем-шөп базасын нығайтудың маңызды бағыттары — суармалы жерлерде мал азығын, көкөніс дақылдарын өсіру. 2022 жылы суармалы жерлердің көлемі 40,8 мың гектарғажетуге тиіс. Суармалы алқаптардың аумағын одан әрі ұлғайту мақсатында пайдалануға жарамды жаңа 7,2 мың гектар алқап және 10 ұсақсу қоймасы есебінен 11,2 мың гектар алқапты айналымға енгізу жоспарлануда. Сонымен қатар республикалық бюджет есебінен6 ірі су қоймасы салынған жағдайда қосымша 32,9 мың гектар алқапты айналымға енгізужоспарда тұр.

Облыста жыл сайын асылтұқымды малдың үлесін арттыруға байланысты жүргізілетін жұмыстардың ауқымы кеңейіп келеді. Асылтұқымды малдың өсуі аналықтың көбеюіне тығыз байланысты екенін атап өту керек. Бүгінде аналық мүйізді ірі қара36,1 пайызға, ал аналық қой19,9 пайызға жетіп отыр. Алдағы уақытта бұл көрсеткіштердің өсуіне аудандық ауыл шаруашылығы мамандары, шаруа қожалық басшылары бар күштерін салуы қажет.

Асылтұқымды малдың өсуінің тағы бір себебі — шетелдерден асылтұқымды малдың аналығын импорттау. Оған Үкімет тарапынан жеңілдетілген несие және субсидия түрінде шаруашылықтарға қолдау көрсетілуде.Бүгінде асылтұқымды мал өсірудің тиімділігін шаруалар жақсы түсінді.

Тек соңғы 2019 жылдан бастап облыстағы шаруа қожалықтары асылтұқымды 16,0 мың мүйізді ірі қара, 25,0 мың аналық қой сатып алды.

Мал өсірудегі басты мақсат — халықты жергілікті ет-сүт өнімдерімен қамтамасыз ету. Ендеше, өсім көп болса, өнім де мол болары анық.

Басқа жаңалықтар

Back to top button