Ресми

Облыстық мәслихаттың кезекті алтыншы сессиясын шақыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес  ШЕШІМ ЕТЕМІН:

Облыстық мәслихаттың кезекті алтыншы сессиясы 2021 жылғы  3 желтоқсанда сағат 10.00-ге шақырылсын.

Сессияның күн тәртібіне мынадай мәселелер енгізілсін:

 

  1. 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы.
  2. Облыстық мәслихаттың 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №574 «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  3. Облыс мәслихатының 2021 жылдың 14 қаңтардағы «Ақтөбе облысының 2021-2025 жылдарға арналған Аумақты дамыту бағдарламасы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

 

Хабарламашы: Г.Р.Сүйінтаева — экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы

 

  1. Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №349 «Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында жасыл екпелерді күтіп ұстаудың және қорғаудың Қағидаларын, абаттандырудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

 

Хабарламашы: Н.С.Алдияров — құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы

 

  1. «Ақтөбе облысының құрметті азаматы» атағын беру туралы.

 

Хабарламашы: Қ.М.Райымқұлов —  облыс әкімі аппаратының басшысы

 

  1. Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының 2021 жылғы есептерін бекіту туралы.

 

  1. Басқа сұрақтар.

 Облыстық мәслихаттың хатшысы  А.Нұғманов.                                                                   

Басқа жаңалықтар

Back to top button