Жаңалықтар

Үш жылдық бюджет шығыны қаралды

Облыстық полиция және төтенше жағдайлар департаменттерінің басшылары депутаттарға «NurOtan» партиясының сайлауалды бағдарламасының орындалуы аясында алдағы үш жылға арналған бюджет шығындары туралы баяндады.

Депутаттық жұмыс тобы мен облыстық мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының бірлескен отырысында депутаттар әуелі аталған комиссия төрағасының есебін тыңдап, сосын Мәртөк ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгерту мәселесін талқылады.

Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Азамат Сатыбалдиннің айтуынша, полиция департаментінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджет бағдарламасы бойынша шығындарына 21 946 149,9 мың теңге қарастырылған.

Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының уақытша міндетін атқарушы Асқар Төлешев Ақтөбе облысы өртке қарсы қорғау гарнизонының өрт сөндіру бөлімшелерін кезең-кезеңімен техникамен жабдықтау үшін 2022-2024 жылдарға 2 088 875,0 мың теңге қажет екендігін баяндады.

Баяндамашылардың сөздерін талқылап, бірқатар сұрақтар қоя отырып, депутаттар тиісті шешім қабылдады.

Бұдан кейін Мәртөк ауданының мәслихат хатшысы Талғат Көлкебаев  депутаттарға Мәртөк ауданының Жайсаң және Мәртөк ауылдық округтерінің шекараларын өзгерту туралы мәселені қарауды ұсынды.

Облыстық мәслихаттың заңдылық, құқықтық тәртіп және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Асхат Айтжанов жыл басынан бері 9 отырыс өткізгендерін, онда 39 мәселе қаралғанын, комиссия талқылап жатқан мәселелердің әрқайсысын мұқият қарап, өз түзетулерін енгізетінін айтты. Олардың нәтижелері бойынша маңызды ұсыныстарды қамтитын қаулылар шығарылады

Облыстық мәслихаттың баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button