Жаңалықтар

Құжаттар онлайн жасалады

«Даму» қоры арқылы мемлекеттік бағдарламалар бойынша қолдау алуға ниеттенген шағын және орта бизнес өкілдері аталған қормен, екінші деңгейлі банктермен арада онлайн келісімшарттар жасаса алады. 8 қарашадан бастап электронды цифрлық қолтаңба арқылы кеңсеге бармай-ақ, құжаттарға онлайн қол қоюға болады.

Ақтөбеде жақында алғаш рет «Даму» қоры, кәсіпкер және банк арасында онлайн режимінде алғашқы құжатқа — кепілдік шартына қол қойылды. Осылайша  жеке кәсіпкер Мөлдір Қожанова «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы мемлекеттік бағдарлама арқылы қолдауға ие болды.

— Кеңсеге бармай-ақ, құжат рәсімдеу кәсіпкерлер үшін өте ыңғайлы. Уақытты үнемдеу кәсіпкер үшін өте маңызды. Онлайн келісімшартқа отыру арқылы кепілдік және субсидиялау тетігі бойынша мемлекеттің қолдауына ие болдым. Бұған дейін 1000 шаршы метр  болатын автокөлік жуу кешенінің ғимаратын салуғанесие алған болатынмын, — дейді кәсіпкер.

М.РАХАТҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button