Жаңалықтар

«Қарт сарбаз» бен «Бопай ханым» романдарын қайдан сатып аламыз?

Редакцияға хат

Редакциямызға Ақтөбе қаласынан газетіміздің оқырманы әрі кітап оқырманы Гүлсім Сұлтанғалиева хабарласты:

— Бұқаралық ақпарат құралдарынан жерлес жазушыларымыз — Өтебай Қанахиннің «Қарт сарбаз» және Мәди Айымбетовтің «Бопай ханым» романдарының жарыққа шыққанынан хабардар болдық. Қазақтың тарихының жұрт басына күн туған ең күрделі кезеңдерінен жазылған бұл екі шығарманың да негізгі оқиғалар желісі, біздің білуімізше, Ақтөбе топырағында өрбиді. Халқымыздың да, өлкеміздің де тарихына қатысы бар бұл шығармаларды бірнеше кітап дүкенінен таба алмадым. Қайдан, қалай сатып алуымызға болады?

Редакциядан: Иә, бұдан бұрын хабарлағанымыздай, биыл Өтебай Қанахиннің «Қарт сарбаз» кітабы «Өлке» баспасынан жарыққа шықты. Бұл кітап ең алғаш 1983 жылдың қаңтарында өндіріске тапсырылып, күзде 20 мың данамен жарыққа шығып тұрған жерінен саясатқа, орыс халқына қарсы кітап ретінде жойылған. Кітап 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс тарихына арналған, соның ішінде Ырғыз жеріндегі толқулар жөнінде баяндалады. Кітапты Ақтөбеде Орталық базардағы «Достық» сауда үйінің 0-қабаты, 70-орыннан алуға болады. Бағасы — 3 мың теңге.

Сондай-ақ Мәди Айымбетовтің «Бопай ханым» романы жуырда «Фолиант» баспасынан жарыққа шықты. Бұл кітап «Меломан» дүкендер желісіне енді түсіп жатыр. Сондай-ақ кітапты foliantbooks.comсайтынаннемесеmeloman.kz, flip.kz интернет-дүкендеріне тапсырыс беріп, алдыруыңызға болады.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button