Жаңалықтар

Басқармалардың алдағы үш жылдағы шығындары қаралды

Облыстық мәслихатта өткен жиында депутаттарға облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу, жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау, ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармаларының алдағы үш жылдағышығындары туралы баяндалды.

Отырыста облыстық басқармалардың басшылары 2022-2024 жылдарға арналған бюджет шығындарының жобаларын депутаттық жұмыс тобы мен облыстық мәслихаттың аграрлық экология мәселелері және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясына ұсынды.Мысалы, облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының шығыстарына 3 бюджеттік бағдарлама бойынша 2 млрд 469 млн 343 мың теңге бөлу көзделген. Ал облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі облыстық басқармаға 2022 жылы жергілікті деңгейде жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтерді іске асыру үшін 129 млн 438 мың теңге қажет. Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы 43 млрд 387 млн 139 мың теңге көлемінде 2022-2024 жылдарға арналған бюджет шығындарының жобасын ұсынды.

Баяндамашыларды тыңдаған депутаттар бюджеттік өтінімдердің жобаларын Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының жол картасын және мәслихат депутаттары қабылдаған міндеттемелерді ескере отырып ұсыну қажеттігін, содан кейін ғана тиісті қаулы шығарылатынын атап өтті.

Бұдан кейін отырыста облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Гүлжанат Ерғазина депутаттарға жыл басынан бері атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.

Ол комиссия жыл басынан бері 8 отырыс өткізіп, онда 17 мәселе қаралғанын хабарлады.

Комиссияларда қаралған мәселелердің жетеуі облыстық мәслихат сессиясының қарауына ұсынылды. Біз депутаттармен бірлесіп, ет бағытындағы мал шаруашылығын дамыту, ет экспорты, жайылымдық және шабындық алқаптарды цифрландыру, жайылымдарды инфрақұрылымдық дамыту, мемлекеттік қолдау, инвестициялық жобалар сияқты маңызды мәселелерді талқыладық, — деді ол.

Сондай-ақ алдағы жылға арналған жоспарды таныстырған Гүлжанат Ерғазина жергілікті атқарушы органдардың мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттен субсидия қарастырғанын, бұл мәселе үнемі бақылауда болатынын жеткізді.

Оның айтуынша,алдағы уақытта өңірде атмосфералық ауаның жай-күйін жақсарту, ветеринарлық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру және басқа да мемлекеттік органдар жүргізетін жобаларға мониторинг жүргізу көзделіп отыр.

Облыстық мәслихаттың баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button