Жаңалықтар

Өлкеміздің өмірлік айнасы

Нұрлыхан ХАСЕНОВ,

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын басқару орталығының басшысы

БАСПАСӨЗ — 2022

Тоқсан жеті жылдық тарихы бар облыстық «Ақтөбе» газетін оқушы кезімнен оқимын. Мектеп қабырғасында жүріп-ақ облыстың бас газетіне түрлі тақырыпта мақалалар жіберіп жүрдім. Газет тілшілерінің есімдері де жақсы таныс.

Мектеп бітіріп, жоғары оқу орнына түскен жылдары да «Ақтөбе» газетінен алыстамадым. Нұр-Сұлтан қаласында оқысам да, өңірдің барлық жаңалықтарын газеттің сайты арқылы қарап отыратынмын. Қазір жастардың көбі бұқаралық ақпарат құралдарынан гөрі, әлеуметтік желілердегі ақпаратқа үйір. Осы ретте «Ақтөбе» газетіндегі ақпараттар мен жарияланған мәліметтердің 100 пайыз нақты әрі сенімді ақпарат көзі екенін айтқым келеді.

Оқу бітіріп, Ақтөбеге келген соң облыстық газетпен байланысым одан әрі нығая түсті. «Рухани жаңғыру» орталығы құрылған уақыттан бастап газеттегі тілшілермен етене байланыста жұмыс жасап келеміз. Біздің жасаған жұмыстарымызды, алдағы жоспарларымыз бен жаңа жобаларымыз туралы халыққа ең бірінші болып жеткізетін осы «Ақтөбенің» тілшілері.

Ахмет Байтұрсынұлының «Газет — халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деген нақыл сөзі көзі ашық, сауатты халық үшін ешқашан өз мәнін жоғалтпайтын секілді.

Өңірдің қоғамдық-саяси өмірін сөзбен өрнектейтін өлкеміздің өмірлік айнасы «Ақтөбе» газетін оқыған адамның ұтылмасы анық.

Басқа жаңалықтар

Back to top button