Әлеумет

«Ел үлесі — пәтерге»

Баспанаға мұқтаж көпбалалы, аз қамтылған, әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларға баспана алып беру мақсатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Ел үлесі — пәтерге» жобасын қолға алғаны белгілі. Осы жоба аясында Мәртөк аудандық «Ықылас» мешітінің ауласынан қызметтік үй салынуда.

— Бүгінгі таңда құрылыстың шамамен 90 пайызы аяқталды. Көгілдір отын тартылып, жылу қосылды, су кіргізілді. Енді ішкі жұмыстары қалып отыр. Бастапқыда дайын үй сатып алғымыз келген. Алайда аудан орталығындағы үйлер қымбат әрі ескі болды. Сол себептен өзіміз салуды жөн көрдік. Биыл маусым айының басында іргетасы қаланды. Қараша айында толығымен аяқтауды жоспарлап отырмыз,  дейді аудандық орталық мешітінің бас имамы Зарлық Ералин.

Құрылысқа «АЙС» ЖШС, «Огородник АГРО» шаруа қожалығы, басқа да кәсіпкерлер демеушілік танытып, аудан тұрғындары қаражат жинаған.

Жалпы үйдің іргетасын құю, қабырғаларын қалау, шатырын жабу секілді жұмыстар жамағаттың қолдауымен тегін жасалды. Тек жылу құбырларын орнатуға ғана ақы төледік. Қызметтік үй құрылысына қаражат бөліп, қолдау көрсеткен барша азаматтарға Алла разы болсын, — дейді Зарлық Ералин.

Әлиянұр КЕЛБАТЫРОВА,

Мәртөк ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button