Рухани жаңғыру

Латын графикасына көшірудің маңыздылығы түсіндірілді

«Рухани жаңғыру қайнары – латын негізді әліпби» жобасы аясында «Ақтөбе облысы бойынша «Жас Отан» қоры» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен облыс көлемінде тренингтік шаралар өтті.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде ұйымдастырылған шарада Ақтөбе қаласы мен өңірдегі барлық аудандар қамтылды.

Жоба аясында қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың мүшелеріне, халыққа қызмет көрсету, банк, медицина, білім, құқық қорғау, әскери сала қызметкерлеріне, мемлекеттік қызметшілерге, БАҚ өкілдеріне арналған тренингтер ұйымдастырылды. Оған арнайы А.Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтынан мамандар шақырылып, қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшірудің маңыздылығы түсіндірілді.

Сонымен қатар шаралар аясында емле ережелері, оның тіл мәдениетін жетілдірудегі орны туралы сөз қозғалды.

Е.ӘНУАР.

Басқа жаңалықтар

Back to top button