Спорт

Жас шахматшылар жеңісі

Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен классикалық шахматтан облыс чемпионаты өтті. 

Чемпионатқа облыстың барлық аудандарының және Ақтөбе қаласының жас шахматшылары қатысты. Мұнда Ақтөбе қаласындағы №1 Қарғалы балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің шахматшылары үздік ойын көрсетіп, 5 алтын, 3 күміс, 2 қола жүлдеге ие болды. Атап айтсақ, 8 жасқа дейінгі қыздар арасында Інжу Абибулла, осы жастағы ұлдар арасында Өтетілеу Аманбек жеңімпаз атанды. 10 жасқа дейінгі қыздар арасында  Айжан Тілеужан ІІ орынды, Сабина Кенжетай ІІІ орынды иеленді. 10 жасқа дейінгі ұлдар арасында Нұрәли Төрехан жеңімпаз атанды, ал Нұрасыл Сапартілеуов  екінші орынға ие болды. 12 жасқа дейінгі ұлдар арасында Нұрислам Сағынбаев ІІ орын алса, Төрехан Арсен ІІІ орыннан көрінді. 14 жастағы қыздар арасында Аружан Жанәділова, 16 жасқа дейінгі қыздар арасында Мира Ербол чемпион атанды.

Аталған спорт мектебінің шахматшылары соңғы үш жылда жеңіс тұғырынан көрініп жүр. Жеңісті күндердің көп болуын тілейміз.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button