Жаңалықтар

Кәсіп ашуға көмектесті

Сәрсенбі күні «Бастау Бизнес» жобасы бойынша ашылған кәсіпкерлік нысандарына баспасөз туры ұйымдастырылды. Бұл — атқарушы билік пен Өңірлік кәсіпкерлер палатасының мұрындық болуымен өткізілген шара.

Биылдыққа«Бастау Бизнес» жобасы бойынша облыстың 1381 тұрғыны онлайн режимде оқытылды, оның 354-і — қала тұрғындары. 935 жоба қаржыландырылды. Соның ішінде 128-і несие алса, 807-і  өтеусіз гранттар алды.

— 2017-2021 жылдар аралығында Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасы бизнес негіздеріне 10726 адамды оқытты. Соның ішінде 2359 түлек 200 айлық есептік көрсеткішке дейін өтеусіз грант алды, ал 969 қатысушы жеңілдетілген несиелерге қол жеткізді, — дейді Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Сұлупан Шынтасова.

Оның айтуынша, «Бастау Бизнестің» арқасында ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер барлығы3328 кәсіпкерлік субъектісін ашып, сол арқылы 2 мың жаңа жұмыс орнын құрған.

Іске қосылған жобалардың дені ет-сүт өндіру, қызмет көрсету салаларына қатысты. Бұлар Өңірлік кәсіпкерлер палатасының қолдауын әрі қарай да көре бермек.

Баспасөз туры барысында ателье, химиялық тазалау, оқу орталықтарының жұмысы көрсетілді.

Айта кетейік, республика бойынша бастаулықтардың жобаларын қаржыландыруға барлығы 22,5 миллиард теңге, оның ішінде Ақтөбе облысына 1,3 миллиард теңге бөлінді.

P.S. Мемлекеттік қолдауға ие болып, жеке кәсібін бастаған ақтөбеліктер туралы материалды газетіміздің алдағы аптадағы нөмірінен оқи аласыздар.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button