Жаңалықтар

Ауыл тұрғындарына кеңес берілді

Облыстық жастар мен балалар ұйымдарының қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігі ауыл тұрғындарына психологиялық, медициналық, құқықтық, әлеуметтік мәселелер бойынша кеңес беру алаңын ұйымдастыруда. Шара «Демеу» әлеуметтік еріктілер жобасын іске асыру мақсатында өтіп жатыр.

Бүгінге дейін жоба аясында Алға, Мәртөк, Мұғалжар аудандандарында кеңес беру алаңдары ұйымдастырылып, 500-ден астам адам өз сұрақтарына жауап алған.

— Бүгінгі таңда елімізде көптеген мемлекеттік бағдарламалар бар. Бірақ тұрғындардың көпшілігі аталған бағдарламаға өзінің қатысуға мүмкіндігі бар екенін білмей жатады. Біз жаңа жоба аясында ауданнан шалғайда орналасқан ауылдарға барып, осы мақсатта түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз, — дейді облыстық жастар мен балалар ұйымдарының қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігі жетекшісі Жандос Табылғанов.

«Демеу» әлеуметтік жобасы денсаулық сақтау, құқықтық және психологиялық көмек саласында халықты қолдауға бағытталған. Оны жүзеге асыру барысында психологтерден, дәрігер-терапевтерден және заңгерлерден тұратын бірнеше  бастамашыл топ ауыл тұрғындарын мемлекеттік бағдарламалар жөнінде ақпараттандырып, әрбірі үш немесе одан да көп ауылдарда консультация өткізеді.

 Ақерке САТЫБАЛДЫ.  

Басқа жаңалықтар

Back to top button