Жаңалықтар

Депутаттар сайлаушылармен бір болуы керек

Ақтөбелік депутаттарға мәслихаттардың құзыреті мен ашықтығы, сайлаушылармен өзара іс-қимыл әрекеттері, бюджет процесі туралы кеңінен айтылды.

Шараға Ақтөбеге арнайы келген Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының президенті Зәуреш Батталова, сондай-ақ онлайн режимде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мемлекет және қоғам коммуникацияларын дамыту департаментінің директоры Бекзат Рахимов, Нұр-Сұлтандағы ОБСЕ Бағдарламалар офисінің әскери-саяси мәселелер жөніндегі аға кеңесшісі Ричард Уиллер, Қазақстандағы Интерньюс өкілдігінің директоры Марат Бигалиев қатысты.

— Семинар осы жылдың қаңтар айында құрылған Қазақстанның депутаттық корпусын оқыту шеңберінде өткізіледі. Депутаттар жаңа ережелер бойынша сайланды.Заңнамада кейбір өзгерістер болды, депутаттық корпустың жаңа құрамын өз өкілеттіктерін дұрыс орындауға үйрету қажеттілігі туындады. Мысалы, әр депутат депутаттық фракциялар мен топтардың қалай жұмыс істейтінін білуі керек. Мұндай семинарлардың тағы бір мақсаты — депутаттарды сайлаушылармен өзара іс-қимыл жасауға, олардың мүдделерін білдіруге үйрету. Депутаттарды өңірлердің бюджеттерін қарау мәселелеріне жауапкершілікпен және мұқият қарауға, бюджет процесінің ашықтығы үшін бәрін жасауға дайындау қажет, — деді Зәуреш Батталова.

Семинар соңында облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нұғмановұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

 Ақтөбе облыстық мәслихатының

баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button