Тәуелсіздік — 30

Тәуелсіздіктің құрдастарымен кездесті

Дөңгелек үстел

Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінде  ҚР ІІМ көліктегі полиция департаментінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік — тірегім» атты дөңгелек үстел  өтті.

Бұған осы салада қызмет етіп жүрген Тәуелсіздіктің құрдастары қатысты. Шараның мақсаты —тәуелсіздік алғалы елдің дамуына үлес қосқан тарихи тұлғалар мен аға буынның еңбектерін насихаттап, жас қызметкерлердің бойына отансүйгіштік сезімін нығайту.

Тәуелсіздік құрдастарымен кездесуге облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы  «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сарапшы маманы  Түлкібай Сапаров пен көліктегі полиция департаментінің Ардагерлер  кеңесінің Батыс аймағы бойынша төрағасы, зейнеткер, полиция полковнигі  Сәбит  Садықов шақырылды.

Қазіргі таңда бөлімімізде бірнеше тәуелсіздіктің құрдастары  қызмет атқарады.  Атап айтсақ,  тергеушілер, полициякапитандары Гүлбақыт Әлимаханова, Тимур Аймұханов, полиция майоры Абылайхан Өтеуов, анықтау тобының анықтаушысы, полиция аға лейтенанты Мырзахан Қажниязов, жедел криминалистикалық тобының басшысы,полиция капитаны Інкәр Кенекбаева және патрульдік полиция тобының полицейі, аға сержант  Жантай Алмағанбетов сынды  жастар өз жұмыстарына адал, абыройлы және белсенді, — дейді желілік полиция бөлімінің  бастығы Айбек Бекжанов.

Дөңгелек үстелде жас қызметкерлер еңбек ардагерлерімен пікір алмасып, Тәуелсіздіктің 30 жылындағы жетістіктері туралы әңгімеледі.

Мен  2009 жылы Ақтөбе қаласындағы орта мектепті үздік тәмамдап, сол жылы ҚР ІІМ Алматы академиясына оқуға  түстім. Ал 2013 жылы аталған оқу орнын аяқтап, сол уақыттан бастап қазіргі кезге дейін Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінің тергеушісі болып қызмет атқарамын. Мен тергеу саласының маманы және тәуелсіздік құрдасы деген үлкен жауапкершілікті арқалап жүрмін. Бұл мен үшін үлкен абырой,— дейді  полиция капитаны  Гүлбақыт Әлимаханова.

Роза Төлегенқызы,

Ақтөбе станциясындағы  ЖПБ-ның қызметкері.

Басқа жаңалықтар

Back to top button