Жаңалықтар

 Серуендеп сыйлық алды

Марафон

Қарғалы ауданында тұрғындар арасында скандинавиялық жүруден «Арайлы алтын күз» атты күзгі марафон ұйымдастырылды.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізілген бұл шараға 11 адам қатысты.  Дәрігерлердің айтуынша, скандинавиялық таяқшалармен серуендеу —жүрек-қантамырлары жүйесін нығайтудың, бұлшық еттішынықтырудың, сергектік пен энергия алудың тамаша әдісі.

Орталық саябақта өткен күзгі марафонға қатысушылар— 45 жастан асқан әйелдер. Қатысауға ынта білдіргендердің дені — бюджеттік сала қызметкерлері. Қазіргі кезде скандинавиялық серуендеу сияқты физикалық белсенділіктің танымалдығы артып келеді.

Таза ауада ырғақты әуенменфитнес жаттығуын орындаған қатысушылар осындай

марафондардың жиі ұйымдастырылғанын қалайтындарын айтты.

Күзгі марафоншылар сертификаттармен марапатталып, сыйлықтарға ие болды.

 С.ЖҰБАНҒАЗИН.

Басқа жаңалықтар

Back to top button